Кирилл Морунов клуб құрылымында жетінші жыл жұмыс істеуде. Өз мансабын филиал командасынан бастап, одан кейін Т. С. Сегізбаев атындағы Академияның командаларында бапкердің көмекшісі және бас бапкер болып жұмыс істеді. 2018 маусымында U15 Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болды.
2019 жылғы маусымда 2002 жылы туылған «Қайрат» академиясының командасымен Қазақстан чемпионы атанып, жасөспірімдер Лигасына жолдама алды.
Моруновқа Евгений Коструб пен Максим Гулик көмектеседі. Фитнес жаттықтырушысы-Вадим Боровский. Қақпашылар бапкері-Илья Юров.
Енді маманға жаңа талаптар қойылады. «Қайрат-Жастар» клубының жаңа тәлімгері клуб сайтына сұхбат берді:
- Кирилл Сергеевич, ең алдымен тағайындалуыңызбен құттықтаймыз! Айтыңызшы, бұл сіз үшін күтпеген жаңалық болды ма?
— Олай айта алмаймын. Біз Академия басшыларымен, техникалық директормен сөйлескенбіз. Бұған алдын ала дайындалдық. Тағы да құттықтау үшін рахмет!
— Өткен маусымда сіз U18 командасымен алтын медальға ие болып, Чемпиондар Лигасына жолдама алдыңыздар!
- Біз U18 тобында чемпион атанғанымызға әрине қуанышты бодық, себебі түрлі себептермен екі жыл бойы осы чемпионатты жеңе алмадық. Бір жерлерде сәттілік жетіспеді. Біз үшін бұл жолдаманы жеңіп алу маңызды болды. Бұл клуб үшін де, бүкіл Академия үшін де үлкен жетістік. Халықаралық тәжірибе жас футболшылардың дамуына жақсы әсер етеді.
- Чемпиондық құрамның ойыншылары жаңа маусымда «Жастар» командасын толықтыра алады ма? Мүмкін, біреулер көзге түсті ме?
— Әрине. 2002 жылы туған команданың негізгі ойыншылары «Қайрат-Жастар» командасына ауысады. Бұл жас команда болады. Айтарлықтай жас. Ойыншылардың жасы 16-дан 20 жасқа дейін болады, бірақ ойыншылардың басым бөлігі жасөспірімдер Чемпиондар Лигасында ойнайтын ойыншылар болады.
— «Жастар» 2020 маусымына қандай міндеттер қояды?
— Негізгі мақсат - бірінші команда үшін ойыншыларды дайындау және Қазақстанның Бірінші лигасында сәтті өнер көрсету. Сонымен қатар негізгі мақсаттарымыздың бірі - Жасөспірімдер Чемпиондар Лигасына дайындық. Бұл екі мақсат өзара байланысты болады.
-Өткен жылы «Қайрат-Жастар» ойыншылары негізгі командада дебют жасады. Мысалы: Астанов, Адахаджиев, Шушеначев. Сіздің ойыңызша, келесі маусымда кім Премьер-лигада өз күшін сынап көре алады?
- Айту қиын. Менің ойымша, олардың жасында болжаммен айналысуға болмайды. Өйткені қазір «Жастар» командасына келетін ойыншылар 16-17-18 жаста. Бұл тұрақсыз жас. Жасөспірімдер футболынан ересектер футболына көшу. Барлық ойыншылар үшін, 99%-ына ерлер футболында алғашқы тәжірибе болады. Бірінші лига-бұл ересек деңгей. Көп нәрсені ойыншылардың мінезі, олардың ментальды бөлігі, олардың осы күреске, қиындықтарға қаншалықты дайын екендігі анықтайды. Біз негізгі міндетті орындай алатынымызға және де жігіттердің біреуі осы жылы өз жасына қарамастан, бірінші командада өздерін сынап көреді дегенге сенгіміз келеді .
- Жанкүйерлерге алдағы мерекелерге деген тілектеріңіз.
- Мен «Қайраттың» барлық жанкүйерлерін келе жатқан мерекелермен: Тәуелсіздік күнімен және жаңа жылмен құттықтағым келеді! Баршаңызға шыдамдылық, сәттілік, табыс және ең бастысы - денсаулық тілеймін! Келесі жыл біз үшін, жанкүйерлер үшін, клуб үшін табысты болсын. Келесі жылы барлығымызға табыс тілеймін!