Олар – қақпашы Ирина Кондрашова, қорғаушылар Дарья Толкачева, Анель Досболова, жартылай қорғаушылар Адина Ізімбаева, Томирис Рахатжан, Вероника Пересунько, Виктория Цыганова, Жанель Таласбаева, шабуылшылар Полина Тучина, Назым Алданазар.
Қазақстан U-17 әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының екінші іріктеу кезеңінде «В» Лигасының 4 тобында Босния және Герцеговина, Эстония, Армения командаларымен ойнайды.
Айта кетейік, Қазақстан U-17 әйелдер құрамасының бапкерлер штабына клубымыздың мамандары – Мария Ялова (аға бапкер), Сюзанна Корнецова (аға бапкер көмекшісі), Екатерина Красюкова (дене шынықтыру бапкері) кіреді.
Босния және Герцеговина – Қазақстан
18 наурыз
13:00
Алматы, Талғар. Ұлттық құраманың базасы
Эстония – Қазақстан
21 наурыз
13:00
Алматы, Талғар. Ұлттық құраманың базасы
Қазақстан – Армения
24 наурыз
14:00
Алматы, Талғар. Ұлттық құраманың базасы