«Қайрат» ФК-ның шабуылшысы Жоао Пауло футболдан Қазақстан біріншілігінің 6-турында «Тобылға» қарсы өткен кездесу жайлы сұхбат берді (2:2).
- «Тобыл» былтырғы маусым чемпионы болғандықтан, өте қиын ойын болатынын білдік. Қостанайлықтарға қарсы сырт алаңда ойнау, әрқашан қиындық туғызады.
- Ойын қауіпті сәттерге толы болды. Біздің алдымызда тек жеңіске жету мақсаты тұрды. Соңғы секундтарда соғылған гол - эмоцияға толы сәт болды, тең нәтижеге қол жеткізгенімізге команда өте қуанышты.
-Алда әлі жұмыстар өте көп. Қателіктерді түзеп, дамуды тоқтатпау керек. Енді алда болатын кездесуге бар назарымызды аударып, дайындалатын боламыз, себебі біз үш ұпай еншілеуіміз қажет.
- Біздің команда өте жас, және ол өте жақсы, жас жігіттер өз талантын көрсетіп, әр күн сайын тәжірибе жинақтайды.