«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жеңімпаздар анықталды
Клуб жаңалықтары

Жеңімпаздар анықталды

08 мая 2018
/ 00:00

Алматыда Т. С. Сегізбаевты еске алуға арналған турнир аяқталды.

«Қайрат» футбол клубының Академиясында аңызға айналған ойыншы Тимур Санжарұлы Сегізбаевты еске алуға арналған турнир аяқталды. Үлкен футбол мерекесінің қорытындысы бойынша, турнирді Шымкент қаласының ардагерлер командасы жеңіп алды.

Екінші орында Павлодар қаласының еңбегі сіңгер ардагерлері еншіледі, бұл команда сапындағы ойыншылардың бірі «Ертістің» қазіргі спорт директоры Ойрат Садуов болды. Ал үшінші орынды Алматы қаласы футбол федерациясының командасы алды.

Турнирдің салтанатты жабылу шарасына көптеген жанкүйерлер, ардагерлер және Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың достары қатысты. Турнирдің үздік ойыншылары мен командаларына марапаттарды қазақстандық футбол патшасының жақын туыстары, негізгі команда ойыншысы Елдос Ахметов пен бас бапкердің көмекшісі Андрей Карпович, сондай-ақ, «Қайрат» футбол клубының құрметті ардагерлері табыстады.

«Қайраттың» құрметті ардагері Құралбек Ордабаевтың айтуынша, бұл турнир дәстүрлі мерекеге айналмақ, мұнда атақты футболшы Тимур Сегізбаевты еске алу үшін жыл сайын Қазақстанның барлық клубтарынан ардагерлер жиналады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»