Оңтүстік астанамызда «Қайрат» футбол клубының ұйымдастыруымен алматылық команданың жанкүйерлері арасында турнир өтті. Жарысқа «LemanBet» букмекерлік кеңсесі қолдау көрсетті.
Алматының үздігі атану үшін өзара 64 команда Евстафия Пехлеваниди Академиясында бақ сынады. Осы демалыста плей-офф сынында командалар жарыстың финалистерін анықтады.
Турнир әуесқой футболдың нағыз кәсіпқойларының назарын аудартты. Командалар тартысқа толы ойын көрсетті. Жартылай финалда «Vodnik KETE» болашақ чемпиондар «Жай Май Файға» 0:4 есебімен ұтылса, «EstrellaDemm» «Атлант» командасынан жолдаманы (1:2) жұлып алды. Үшінші орынды «Vodnik KETE» командасын жеңген «Атлант» иеленді.
Финалдық ойын ерекше тартысқы толы болды. Ауыр
ойында «Жай Май Фай» командасы минималды есеппен
қарсыластары «EstrellaDemm-ді» ұтты. Есеп - 1:0.
«Алтын» қолғап «Жай Май Фай» командасының қақпашысы Денис Кригерге
табысталды. Ал тас қамал қорғаушы болып «Vodnik KETE» командасының
ойыншысы Ренат Баратов танылды. Жарыстың үздік сұрмергені – Юрий
Скалозубов («Атлант»). «EstrellaDemm» командасының көшбасшысы Назар
Исмаилов жарыстың үздік ойыншысы атанды.
Жарыстың жүлде қоры рекордтық 1 000 000 теңгені құрады. «Leman» кубогын иемденген «Жай Май Фай» командасына 500 мың теңге табысталды. Күміс жүлдегер «EstrellaDemm» 300 000 теңгені қанаған тұтса, қоланың иегері «Атлант» 200 000 теңгені қалтаға салды.
«Қайрат» футбол клубы жарысқа қатысқан барлық командаларға ризашылығын білдіреді.