«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жасур Жалолиддинов: «Команданың мақсаты – ол менің жеке мақсатым»
Қайрат

Жасур Жалолиддинов: «Команданың мақсаты – ол менің жеке мақсатым»

23 февраля 2022
/ 06:00

«Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы клубтың баспасөз қызметіне, командаға бейімделу, Құрбан Бердыевпен жұмыс істеу, жаттығулар және алдағы маусымға деген мақсаттары туралы бөлісті.

- Сәлем Жасур! Жақында ғана «Қайрат» ойыншысы атандың, ұжым сені қалай қарсы алды? Үйренісуіңе кім көмектесіп жүр? Командада кіммен жақсы сөйлесіп жүрсің?

- Сәлеметсізбе. Командаластарым мені жылы қарсы алды, мен өте ризамын. Мен бұлай жақсы қарсы алады деп ойламадым. Бірінші күндері үйренісуге Еркебұлан Сейдахмет көмектесті, бірақ қазір барлық командаластарыммен жақсы қарым-қатынастамын.

- Жаттығу барысында командаластарыңның ішінен кім сені ерекше таңқалдырды?

- Бір ойыншыны бөліп айту қиын. Барлық ойыншылар жоғары деңгейде жаттығуда және алдағы маусымға тиянақты түрде дайындалуда. Нақты бір ойыншыны бөліп айтар болсам, Маки және Яцекті айтар едім.

- Құрбан Бердыевтың қол астындағы жаттығулар қалай өтуде, қандай сезімдесің?

- Құрбан Бекиұлы секілді бапкердің қол астында жұмыс жасау мен үшін құрмет, жауапкершілік. Мұндай бапкермен жұмыс жасау, екінің бірінің басына берілмейтін бақыт деп ойлаймын. Команда сапындағы алғашқы күннен бастап, әр күн сайын  жаңа нәрселерге үйреніп келемін. Алдағы маусым мен үшін өте пайдалы болатынына сенімдімін.

- «Қайрат» футбол клубының алдында бір ғана мақсат - әрдайым жеңіске жету. Алдағы маусымда өзіңнің алдыңа жеке мақсаттар қойдың ба?

- Әрине, мен «Қайраттың» деңгейінің жоғары екендігін және әр жыл сайын қандай мақсаттар қойылатынын да жақсы білемін. Мен өзім үшін жеке мақсаттар қоймаймын. Команданың мақсаты - ол менің жеке мақсатым!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»