«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Зенит» ФК Нұралы Әліптің трансферін сатып алды
Қайрат

«Зенит» ФК Нұралы Әліптің трансферін сатып алды

14 декабря 2022
/ 06:00
«Қайрат» футбол клубы мен петерборлық «Зенит» 22 жастағы қорғаушының ауысуын рәсімдеді.

Нұралы Әліп «Қайрат» ФК академиясының түлегі. Ол 2018-2021 жылдар аралығында «сары-қаралардың» негізгі құрамында ойнаған. Клуб сапында Әліп 103 матч өткізіп, 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Биылғы жылдың басынан бері Нұралы «Зенит» сапына жалға беріліп ойнап жүр.

«Сары-қаралардың» түлегіне тек осымен тоқтамауды және «Зенит» футбол клубында сәттілік тілейміз!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»