«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Өз қызметкерлерімізді дамыту жолында
Клуб жаңалықтары

Өз қызметкерлерімізді дамыту жолында

07 мая 2018
/ 00:00

«Қайрат» ФК Академиясында бапкерлік штаб Лейпциг қаласы халықаралық университетінің сертификатымен марапатталды.

«Қайрат» футбол клубы белсенді түрде білім беру саясатын өткізіп жатыр және бапкерлік қызметкерлерінің дамуына үлкен назарын аударуда. 2017 жылдың басында алматылық клубтың басшылығы Лейпциг қаласы Бапкерлер курсының халықаралық университетімен және Германия Саксон футбол федерациясымен әріптестік туралы келісімге келді.

Білім беру бағдарламасына бес түрлі модуль енеді, жобаның кураторы ретінде Германия футбол федерациясы және Спорт ғылымдары факультетінің оқытушылары мен сарапшылары бекітілді. «Қайрат» Академиясының бапкерлік құрамын оқыту шарасы біткен соң соңғы емтихан тапсырылды, оған бапкерлік сабақты көрсету арқылы теориялық бөлік және оқытушымен ауызша емтихан кірді.

Осы демалыста Тимур Санжарұлы Сегізбаев атындағы Академияда «Қайрат» футбол клубы бапкерлік құрамының оқуды сәтті аяқтауына байланысты салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Сертификаттарды табыстау құрметіне Германия федеративті республикасының бас консулы Йорн Розебрег мырза, кәсіпқой бапкер Франк Энгель мен «Қайраттың» бас директоры Әлішер Апсалямов ие болды.

Халықаралық мамандардың айтуынша, бұл білім бағдарламасына клуб Академиясының бапкерлік құрамы белсене қатысты, олар өткен тренингтерге салмақты қарап, емтиханды сәтті тапсырған. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»