«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Өз алаңымыздағы жеңіс
Қайрат

Өз алаңымыздағы жеңіс

15 марта 2019
/ 00:00

«Қайрат» - «Шахтер» 2:1

Голдар: Эппель (28'), Швырев (76'), Сергей Зенев (81').

«Қайрат»: Стас Покатилов – Дино Миканович, Раде Дугалич, Нұралы Әліп, Сергей Кейлер – Конрад Вржещиньский, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Исламбек Қуат (к), Ғафуржан Сүйімбаев – Мартон Эппель.

Резерв: Владимир Плотников (Қ), Данил Устименко (Қ) –  Ян Вороговский, Елдос Ахметов – Рамазан Оразов, Еркебұлан Тұңғышбаев – Самат Сәрсенов, Вячеслав Швырев.

«Шахтер»: Игорь Шацкий (Қ) – Евгений Ткачук, Лукаш Дроппа, Артем Барановский, Сергей Зенев – Иван Пешич, Сергей Скорых, Марат Шахметов, Антон Чичулин, Руслан Әлімбаев – Оралхан Өміртаев.

Резерв: Егор Цуприков (Қ), Нияз Шугаев, Еркебұлан Нұрғалиев, Біржан Көлбеков – Геворг Наджарян, Доньет Шкодра, Евгений Тарасов – Дмитрий Бачек, Жан-Али Пайруз.

«Шахтерге» қарсы матчта «сары-қаралар» құрамына Георгий Жуков оралды. Онымен бірге алаң ортасында Айбол Әбікен мен Исламбек Қуат өнер көрсетті. Ғафуржан Сүйімбаев сол қанаттағы вингер рөлінде ойнады. Ал орталық шабуылшы болып Мартон Эппель шықты. Бұрыштан асырылған пас алматылықтардың ұзақ шабуылына алмасқан – сол сәтте қонақтар өз айып алаңында қолмен ойнап, төреші пенальтиге көрсетті. Эппель нүктеден мүлт кетпеді.

Үзілісте «сары-қаралар» «Қайрат» пен «Шахтердің» аңызға айналған шабуылшысы Виктор Абгольцке құрмет көрсетті. Кезінде Лев Яшинге гол соққан форвард бүгін 75 жасқа толды.

Екінші таймда қонақтар таразы басын теңестіру үшін шабуылға ұмтылды. Алматылықтар қорғанысқа көңіл бөліп, қарсыластың ұмтылыстарын кері қайтарды. Ойынның 61-минутында Алексей Шпилевский алаңға Вячеслав Швыревті шығарды. Тыңнан шыққан форвард гол соғып, сол үшін бапкерге алғысын білдірді. Ол Айбол Әбікеннен пас алып, «Шахтер» қақпасын дәл көздеді.

Кездесудің соңы шабуылға толы болды. Алдымен Сергей Зенев есеп айырмасын қысқартты – ол айып алаңынан тыс жерден Стас Покатилов қақпасына жойқын соққы жасаған. Ал алматылықтар өз шабуылымен жауап қайтарып, Еркебұлан Тұңғышбаев гол соғуға жақын болған. Қонақтарды үшінші голдан бағана құтқарып қалды. Қосымша уақытта «Шахтер» бар күшімен шабуылдаймын деп, өз қақпасына гол жіберіп ала жаздады. «Сары-қаралардың» жылдам қарымта шабуылы Конрад Вржешиньскийдің соққысымен аяқталған, алайда оған дәлдік жетіскен жоқ.

Қорытынды есеп – «Қайраттың» пайдасына 2:1. Алматылықтардың екі турдағы жеңісі оларға алты ұпай алып келді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»