Бірінші лига чемпионатының үшінші турының матчы жоғары жылдамдықпен басталды. Қонақтар барынша бізді қысымға алуға тырысып бақты, алматылықтар да аянып қалған жоқ, оларға қарсы шабуылға шықты. «Қайрат-Жастар» командасы негізгі команданың үш ойыншысын күшейтуге мәжбүр болды. Осылайша, Т. Сегізбаев Академиясының алаңына кездесудің алғашқы минуттарынан бастап Елдос Ахметов, Еркебұлан Тұңғышбаев және Самат Сәрсенов шықты.
Бірінші таймның үштен бір бқлігінде екі команда да тең ойын көрсетті. «Қыран» стандарттың арқасында есеп ашты. Шымкенттік жартылай қорғаушы Кирилл Пасечник айып алаңынан тамаша гол соқты. Есеп - 0:1 Қонақтар батылдық танытып, екінші голын соғуға алға ұмтылды. 6 минуттан кейін Ғалымжан Төлегеновтың шәкірттері есеп санын арттырды. Оң қапталдан Жансерік Қалдыбаевтың аяғына тиген доп қақпадан бір-ақ шықты. Үзіліске дейін алматылықтар есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Алайда, жолдары болмады. Андрей Марсаланың ысқырығы соғылды. Бірінші тайм 0:2 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді.
Екінші таймда қожайындар камбэк жасауды мақсат етіп алңға шықты. 56-минутта «Қайрат» есеп айырмасын қысқартты. Адам Адахаджиев алыстан Бақдәулет Жүзбайға допты берді, ал ол Еркебұлан Тұңғышбаевқа нәтижелі пас шығарды. Қонақтар қақпасына көптен күткен гол соғылды. Есеп - 1: 2.
Қайраттықтар қысым көрсетуді жалғастыра түсті. Екінші таймда «Қырандар» тек қақпасын қорғаумен ғана шектелді. Кездесудің аяқталуына екі минут қалғанда Ұлан Өтешев бірден қонақтардың екі қорғаушысын алдап, допты алаңға екінші таймда ауысып шыққан Артур Шушеначевке берді. Алматылық форвард допты Исмаил Аскеровтың қақпасына бағыттады. Матч нәтижесі - 2: 2. Александр Арефьевтің шәкірттері ойынның екінші жартысында керемет ойын көрсетіп, жеңілістен аман қалды. шабыттандырып, жеңіліске ұшырады.