«Тобылдың» бас бапкері Владимир Никитенко «Қайратқа» қарсы өткен ойын туралы пікірін білдірді.
- Алматыда ойнау әркез қиын. Өткен кездесуге қарағанда біздің құрамда біраз өзгерістер болды. Жалпы алғанда, ойынға қойылған тапсырманы орындадық. Ойыншылар қорғаныстан шабуылға жақсы шыға білді. Қарсыласымызда бізге қарағанда қауіпті сәттері, соққылары, айыпдобы мен бұрыштамалары көп болды. Жалғыз дәл соққы кездесудің тағдырын шешіп кетті. Дегенмен де біздің де гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Салыстырмалы түрде нашар өнер көрсеттік деп айта алмаймын.
- «Тобыл» да, «Қайрат» та, УЕФА да ойынның басқа күнге ауысқанын қалаған жоқ. Сіздердің бапкерлер алқасының бұл ойындағы мақсаты қандай болды – ұпай алып, «Пюникке» қарсы кездесудегі ойынды ретке келтіру ме әлде ойыншыларды бабында ұстау ма?
- Біздің ойын кестеміз өте тығыз. Егер бүгін өткен ойыннан соң бабына келмеген футболшылар келесі матчта олар ойнай алмайтын еді. Бірінші рет мұндай кестемен жолығып отырмыз. Бүгінгі кездесуде таблодағы есеп маңызды болды. Біз 30-45 минут қарсыластың қарымына шыдас беріп, артынша өзіміздің мүмкіндіктерімізді пайдаланымыз деп үміттендік. Бәрі біздің ойдағыдай өтіп келе жатқан. Кей сәтте соққылар қиыс кетсе, кейде қақпашы орнынан табылды.