«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Владимир Никитенко наурыз айының үздік ойыншысы Хосе Кантеге жүлдені табыстады
Қайрат

Владимир Никитенко наурыз айының үздік ойыншысы Хосе Кантеге жүлдені табыстады

12 апреля 2022
/ 06:00
2022 жылдың наурыз айында Қазақстан Чемпионатының үздік ойыншысы болып Хосе Канте атанды. Жүлдені африкалық ойыншыға жарыстың 5-турының «Қайрат» - «Каспий» кездесуінің алдында КСРО чемпионатының жоғары лигасында ойнаған, алматылық «Қайраттың» рекордсмендерінің бірі Владимир Никитенко тапсырды.

«Қайраттың» шабуылшысы өткен айда болған ойындарда 4 гол соғып, чемпионаттың сұрмергендер тізіміндегі бірінші орынды иеленді.

- Мен бұл марапатты алғаныма өте қуаныштымын, өйткені бұл бүкіл команданың атқарған жұмысының жемісі. Сауалнамаға менің әріптестерім – басқа клубтардың футболшылары мен команда бапкерлері қатысты. Біздің жанкүйерлер мен команда маған одан да жақсы ойнауға және көп гол соғуға демеу береді, - деді Канте.

Айдың үздік ойыншысын анықтауға бағытталған сауалнамаға Қазақстан Чемпионаты командаларының капитандары мен бас бапкерлері қатысады.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»