«Тараздың» бас бапкері Владимир Никитенко «Қайратқа» қарсы ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп және де БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
- Чемпионаттың алғашқы ойыны Қазақстанның топ-клубымен болды. Көп күрес болды, бұл көктемгі футбол. Бұл күресте біз бір жерлерде төтеп бердік, бір жерлерде белгілі бір қысым болды деп есептеймін. Тең нәтиже болатын еді, бірақ пенальти матчтың қорытындысын шығарды.
- «Тараз» саналы түрде екінші нөмірде ойнады ма?
- Біз ойын бастамасын өз қолымызға алуға тырыстық және доп шығаруларын жауып отырдық. Қарсылас бұған төтеп бере алғандықтан, бізге екінші нөмірде ойнауға тура келді. Біз мүмкіндік туған кезде белсенді ойын көрсетуге тырыстық, бірақ қарсыласымыздың деңгейі мұны жасауға мүмкіндік бермеді. Бір жерлерде олар бізді қысым астына алды, белгілі бір сәттерде біз саналы түрде алға қозғалып, қарымта шабуылдарда белгілі бір қысым тудырдық, бірақ бізге бірдеңе жетіспеді.
- Бір кездері сіздер осыған ұқсас жағдайда «Жальгириске» қарсы ойнадыңыздар. Сол кездегі дайындық әрекетеріңіз «Қайратпен» болған бүгінгі ойында көмектесті ме?
- Біз «Жальгириспен» мұндай жағдайда ойнаған жоқпыз. Қазір жасалған жағдай да, көгал да жақсы. Сол кезде біз жәй футбол алаңында ойнадық, тек басқа тактика бойынша.
- Тараз мектебі өз футболшыларымен танымал, бірақ алғашқы минуттан бастап тек үш қазақстандық ойыншы ғана алаңға шықты, ал қалған ойыншылар легионерлер немесе ЕАЭО азаматтары болды. Енді қазақстандық клубтарда өзіміздің ойыншылардың ойын уақыты аз бола ма?
- Мен басқа клубтарда қандай екенін білмеймін. Біз тараздық ойыншыларға аса мән береміз. Біздің стратегиямыз – Жамбыл облысынан 15 ойыншы және басқа өңірлерден 10 ойыншы. Бүгін қазақстандық футболшылар, оның ішінде тараздық футболшылар ойнады және де екінші таймда тағы екі ойыншы алаңға шықты. Қазір өз уақытын күтіп тұрған футболшылар бар, бірақ бұл клубтың болашағы. Қазір тек бірінші тур болғасын біз тәжірибелі футболшыларды қоюға шешім қабылдадық. Біздің басты назар жергілікті футболшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Мысалға: Байшаков, Яровенко, Огай, Исламхан мен Зайнутдинов. Осындай дәстүрді ұстанатын «Қайраттан» басқа бір клубты болса да атай аласыз ба. Бұл біздің стратегиямыз, біз бұл стратегияны алдағы жылдарда да ұстанатын боламыз.