«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Виктор Васин: Нәтиже көңілді түсірді
Қайрат

Виктор Васин: Нәтиже көңілді түсірді

28 августа 2022
/ 06:00
«Қайрат» ФК қорғаушысы Виктор Васин «Каспиймен» (2:2) ойынды қорытындылады.

- Нәтиже көңілімізді түсірді. Дәл қазір тең нәтиже жеңіліспен пара-пар. Ақтауға жеңіс үшін бардық. Басқа ешқандай нәтиже қаралмады.

Ойынға келер болсақ, ауыр алаң, ыстық ауа-райынан қиын өтті, бірақ біз матчты жақсы өткіздік. Бірінші таймда 2 гол соғып, тағы есепті еселеп, жеңімпаз кім екенін нүктелеуге мүмкіндігіміз болды. Бірақ футболда жазалайтын сәттер көп кездеседі.

Сұмдық гол жібердік, артынша екіншісін өткізіп алдық. Бұл футбол, мұндай жағдай болып тұрады. Қарсылас бізді жазалады.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»