«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Виктор Васин: Біз жақсы нәтижеге жетуге лайық болдық
Қайрат

Виктор Васин: Біз жақсы нәтижеге жетуге лайық болдық

27 апреля 2022
/ 06:00

Қорғаушы Виктор Васин «Ордабасыға» қарсы өткен ойын жайлы, өз ойымен бөлісті (1:2).

- Біз Шымкентке тек жеңіс үшін бардық. Ойын алдында қарсыласты толықтай зерттедік, мықты және әлсіз тұстарын талқыладық. Қарсыласымыз шабуылдаушы ойын көрсететінін білдік.

Ойын басында қойылған пенальтиден кейін-ақ, жоспарымыз іске аспады, менің ойымша, пенальти қоятындай сәт болмады. Жылдам гол өткізіп алдық, бірақ ойынды өз бақылауымызға ала алдық және есепті теңестірдік. Екінші таймда қарсылас шабуылға жиі шыға бастады, соның арқасында екінші голды соқты. Бізде жақсы мүмкіндіктер болды, соның қатарында сәтсіз орындалған пенальти бар. Менің ойымша, біз жақсы нәтижеге лайық өнер көрсеттік.

- Жаңа Чемпионат сізге ұнады ма? Және жастарға алаңдағы тәлімгер ретіндегі рөліңіз өзіңізге ұнайма?

-Біріншілік өте жақсы, мықты. Әрине Ресейдегі инфрақұрылым, жаңа стадиондардан кейін, мұндағы кейбір ескі алаңдарда өнер көрсету өте қиын. Бірақ 10 жыл бұрын Ресейде де дәл осылай болған, сондықтан мен үшін бұл үйреншікті жағдай.

Тәлімгер ретіндегі рөліме келетін болсақ, бірнеше жыл бұрын ЦСКА құрамы жаңарғар кезде, дәл осылай жастармен ойнағанмын. Сондықтан бұл жағынан азды-кем тәжірибем бар. Бізде команда өте жас әрі талантты, қолымнан келгенше жастарға ақыл-кеңес айтып, тактикалық жағдайларды үйретіп жүрмін.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»