«Тараздың» бас бапкері Вахид Масудов өз алаңында«Қайратқа» қарсы матчта командасының жеңілісі туралы пікір білдірді.
- Мұндай матчқа пікір білдіру өте қиын. Футболисттер де, бапкерлер құрамы да көп эмоция жоғалтты. Біз «Қайраттың» ойынын талдадық. Негізінде, жігіттерден талап еткен нәрсенің барлығын олар орындады. Бізге ойын соңында жаңа серпін жетіспеді. Кадырлық мәселелер бар. Бізге Лобжанидзе, Эливелто, Таубая жетіспеді, олар ауырып жатыр. Біз үшін бұл үлкен шығын. Соған қарамастан, біз «Қайратқа» көп қолайлы сәттер туғызбадық деп ойлаймын. Барлығын жаптық. Әрине, пенальтиға қарау керек. Мен ойыншымен сөйлестім. Ол допқа ойнап үлгерген сияқтымын деді. Білмеймін.Мен тұрған жерден анықтау қиындау болды. Менің ойымша, егер біздің қақпаның алдына айып добы қойылса, онда қарсыластың да қақпасына айып добын қоюға болатын еді. Мысалы Серж Ньюадземен болған сәтте. Былайынша, матчтың қарқыны жақсы болды. Біздің жанкүйерлерге қолдаулары үшін рахмет!