«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Вадим Ульянов: Жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізге команда дән риза
Қайрат

Вадим Ульянов: Жақсы нәтижеге қол жеткізгенімізге команда дән риза

12 марта 2022
/ 06:00
«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Вадим Ульянов «Мақтааралға» қарсы ойын туралы және ойын үстінде алаңға ауысып шығудың қиындығы туралы өз ойымен бөлісті.

-Вадим сәлем! Дебюттік ойыныңмен құттықтаймыз! Ойын туралы ойыңмен бөлісе отырсаң?

-Үлкен рахмет! «Мақтааралға» қарсы ойын оңай болған жоқ, команда жақсы нәтижеге жеткенімізге қуанышты.

- Қақпашы позициясынан бөлек ойыншылар, жиі алмасып тұрады, бұл кездесуде қақпашыны ауыстыру қажет болды. Сен алаңға ауысып шықтың, ойын үстінде ауысып шығу қаншалықты қиын болды?

- Жалпы мен әр ойынға тиянақты түрде дайындаламын, алаңға шығамын ба, жоқ па, маңызды емес.
Қалай болмасын минималды есеппен ғана жеңіске жетіп тұрғанда, алаңға алмасып шығу қиындық туғызады.
Бір айта кетерлігі, мансабымда мен алғаш рет алаңға ауысып шығып тұрмын. Бірақ менің ойымша, барлығы дұрыс болды.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»