«Қайраттың» ресейлік қақпашысы Вадим Ульянов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/8 финалының «Ақжайыққа» қарсы ойынына (0:0) қатысты пікір білдірді.
– Вадим, «Ақжайыққа» қарсы өткен ойын туралы пікір білдірсең.
– Жасанды алаң мен 30 градустық ыстықта ойнау – қиын. Дегенмен өтуіміз керек болды, ақырында өттік. Біздің жанкүйерлер оңай өтеді деп ойлаған шығар, бірақ Кубокқа барлық командалар әрқашан ерекше дайындықпен шығады. «Ақжайық» екі жақсы кездесу өткізіп, бізге көп қиындық тудырды.
– Қарсыластың деңгейін қалай бағалар едің?
– «Ақжайық» өте жинақы ойнайтын команда. Бұл командада Премьер-лигада көп маусым өткізген тәжірибелі ойыншылар бар. Жас ойыншылардың да деңгейі жақсы.
– Кубоктың 1/4 финалына шығып, енді «Атыраумен» кездесесіңдер. Чемпионаттың бірінші кезеңінде 2:2 есебімен тең ойнадыңдар. Бұл текетірес алдындағы ойың қандай?
– «Атырауға» қарсы матчтар қиын болмақ. Оларды екі рет жеңіп, жартылай финалға шыға аламыз деп үміттенемін.
– Болашаққа деген мақсаттарың қандай?
– Мен футбол ойнап, командама пайда әкелгім келеді!