Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауын жалғастырып жатыр. Лига Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.
Үздік қақпашылар үштігіне «сары-қаралардың» жас таланты Данил Устименко енді. Голкипер 29 ұпай жинады. Ал бірінші орынды астаналық Владислав Саенко алды – оның еншісінде 55 ұпай бар.