«Қайрат» ФК баспасөз қызметі Еуропа лигасының үйдегі ойындарына аккредитация алу үшін БАҚ арасында ұсынымдарды қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Аккредитация үшін кандидатураңызды қарау үшін press@fckairat.kz электронды мекен-жайына әрбір делегат жекелей келесі мәліметтерді жіберуі керек:
1) Ұйымның атауы.
2) БАҚ атауы және түрі (ағылшын тілінде).
3) Делегаттың ТАӘ (ағылшын тілінде), қызметі.
4) Байланыс мәліметтері (міндетті түрде электрондық пошта және ұялы телефон нөмірі).
Өтініштерді қабылдау уақыты : 08.07.2022 - 18.07.2022 ж.
БАҚ аккредиттеу кезінде келесідей квоталар қарастырылған:
- баспа БАҚ-нан - 1 журналист + фотожурналист;
- ТВ редакциясынан - 2 журналист + оператор;
- ақпараттық агенттіктерден - 1 журналист + фотожурналист;
- электрондық БАҚ-тан - 1 журналист + фотожурналист.
Аккредитация мына нәрселерге кепіл береді:
1. Матч күні салаңға тегін кіру;
2. Баспасөз алаңынан орын;
3. Матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатына қатысу.
БАҚ өкілдері Орталық стадионның 9-шы кіреберісі арқылы өтетін болады. Матч барысында журналистер баспасөз алаңында, фотожурналистер және бейнеоператорлар – ерекшеленген жейдеде қақпаның жанында болуы керек.
«Қайрат» футбол клубы аккредиттеуден келесідей жағдайда бас тартуға құқылы:
- Аккредиттеуге өтініш беру ережесін бұзған жағдайда;
- ұйымның беделіне немесе өзге де зиянына әкеп соқтыратын, сондай-ақ өз қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқан жағдайда;
- бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін тоқтатқан жағдайда;
- Матч кезінде немесе баспасөз мәслихаты кезінде тәртіп ережелерін бұзған жағдайда;
Алаңда аккредиттелген БАҚ өкілдері ресми спорттық сайыстарда көрерменге арналған мінез-құлық ережелерін сақтауға міндетті.
Маусымдық аккредитация (Чемпионат ойындары пен Қазақстан Кубогы үшін) УЕФА Конференция лигасының матчтарына жарамсыз. Аккредиттелген адамдардың саны шектеулі.