Бүгін «Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы Рикарду Алвеш 29 жасқа толып отыр.
Кәсіби мансабын 2012 жылы «Белененсеш» сапында бастаған. Одан бөлек «Портимоненсе», бухаресттік «Рапид», словениялық «Олимпия», ресейлік «Оренбург» және «Крылья Советов» командаларында доп тепкен.
«Сары-қаралардың» үлкен отбасы, Рикардуды туған күнімен құттықтайды. Мықты денсаулық, ашық аспан, спорттық мансабыңның ұзақ болуын тілейміз және командамен бірге үлкен жеңістерге бірге жетуіңе тілектеспіз!