Атақты «сары-қаралардың» форварды команда үшін 241 матч өткізіп, КСРО кезінде де, Тәуелсіздік жылдарында да клубтың намысын қорғады.
1985 жылы Сергей Волгин КСРО маусымының 33 үздік футболшыларының тізіміне енді, бұл өте үлкен жетістік болды. Сол жылы «Қайраттың» шабуылшысы мәскеулік «Спартакқа» қарсы ойында хет-трик жасады.
Сол маусымнан кейін мәскеулік атақты бапкер Константин Бесков оны клубқа шақырды. 1986 жылдың бірінші жартысын мәскеулік «Спартакта» өткізді. КСРО чемпионатының соңғы екі маусымын Запорожьенің «Металургінде» ойнады.
Содан кейін Волгин «Қайрат» командасына қайта оралып, Қазақстан кубогының иегері және чемпионыатанды. 1992 жылы ол Қазақстанда жыл футболшысы атанды.
Және де Сергей Васильевич туған клубында жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Ол «Қайрат» командасын 2009 жылы басқарды.
Біздің үлкен «сары-қаралар» отбасы Сергей Васильевичті туған күнімен құттықтайды! Біз сізге денсаулық, бақыт, отбасылық амандық және ұзақ өмір тілейміз!