Бүгін Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Сергей Кейлер 25-ші туған күнін атап өтуде.
Сергей Кейлер «Қайраттың» тәрбиеленушісі. Ол 2013 жылы негізгі команда үшін өнер көрсете бастады. Алдыңғы маусымда қаптал қорғаушысы 16 матчты өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. «Сары-қаралар» сапындағы сәтті ойын нәтижесінде Кейлер жастар құрамасына (U-21) шақырту алды. Өзінің керемет жылдамдығымен ерекшеленетін қорғаушы, «Қызыл-Жар СК», «Қайсар», «Оқжетпес» және «Ақжайық» сапында өнер көрсетіп, содан кейін туған клубына оралды.
Жекпе-жекте өзінің берілмейтіндігімен танымал Кейлер «сары-қаралардың» негізгі құрамының ойыншысы болып табылады. Биылғы маусымда Сергей «Қайрат» үшін 15 матч өткізіп, екі голдық пастың авторы атанды.
«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Сергейді туған күнімен құттықтайды! Біз саған спорттық ұзақ өмір, мықты денсаулық және командамен бірге үлкен жеңістер тілейміз!