«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Сұлтанбек!
Қайрат

Туған күніңмен, Сұлтанбек!

23 марта 2020
/ 11:00

Бүгін өзінің 21-ші туған күнін «Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астанов атап өтуде.

Жас хавбек талант пен қажырлы жұмысының арқасында «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушісінен бірінші командаға дейінгі жолды жүріп өтті. 2017 жылы Сұлтанбек «Қайрат М» командасына екінші лиганың турнирлік кестесінде екінші орын алып, күміс медальға қол жеткізуіне көмектесті. Содан кейін жартылай қорғаушы «Қайрат-Жастар» командасының түстерін қорғады.

2019 жылғы маусымда Сұлтанбек «Қайрат» ФК-ның негізгі командасында дебют жасап, бірденен нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсті. «Ақтөбеге» қарсы өткізген матчта ол голдық пас берді. Сонымен қатар, талантты ойыншы «Қайрат-Жастар» үшін де өнер көрсетіп, он үш матчта бес гол соғып, бір голдық пас берді.

«Қайрат» футбол клубының үлкен «сары-қара» отбасы Сұлтанбекті туған күнімен құттықтайды, оған мықты денсаулық, спорттық ұзақ өмір және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»