«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Конрад!
Қайрат

Туған күніңмен, Конрад!

10 сентября 2019
/ 11:00

Бүгін өзінің 26-шы туған күнін «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Конрад Вржещиньский атап өтуде.

Биылғы жылдың қаңтар айында «Қайратқа» ауысқан Конрад қысқа уақыт ішінде өзін нағыз әмбебап ойыншы ретінде көрсете білді. Оның жұмысқа қабілеттілігі, қарапайымдылығы, еңбексүйгіштігі және жылдамдық қасиеттері командаға шабуыл жасау кезінде, өз қақпаларын қорғау кезінде де көмектеседі.

Осы маусымда Вржещиньский түрлі позицияда ойнады: оң жақ қорғаушыдан орталық шабуылшыға дейін. Тамаша жылдамдыққа ие Конрад ағымдағы чемпионатта 18 рет «Қайраттың» құрамында алаңға шығып, 1270 минут ойнады. Осы уақыт ішінде ол екі голмен және жеті нәтижелі доп берумен ерекшеленді, сондай-ақ турдың үздіктер құрамына екі рет кірді.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Конрадты туған күнімен құттықтайды! Біз саған спорттық ұзақ өмір, мықты денсаулық және командамен бірге үлкен жеңістер тілейміз!

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»