«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Еркош!
Қайрат

Туған күніңмен, Еркош!

04 февраля 2020
/ 12:00

Бүгін өзінің 20-шы туған күнін «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет атап өтуде.

Еркебұлан Тараз футбол мектебінің тәрбиеленушісі. 2017 жылы «Тараз» сапында «Тобылға» қарсы ойында дебют жасады.

2018 жылдың ақпан айында жанкүйерлер Еркош деп еркелетіп атайтын футболшы «Уфамен» келісімшартқа қол қойды. Наурыз айында шабуылшы «Анжи» командасына қарсы ойында жаңа клуб құрамында дебют жасап, РФПЛ ойнаған 2000 жылғы алғашқы футболшы болды.

Сондай-ақ, Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасында гол соққан ең жас футболшысы атанды. Ол Венгрия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде көзге түсті. Матч күні оған 18 жас, бір ай және 19 күн болды.

Өткен жазда Еркош деп жанкүйерлер еркелетіп атайтын футболшы «Қайратқа» қосылып, команданың он бес матчына қатысып үлгерді. «Тобылға» қарсы ойынды ерекше атап өткіміз келеді, онда дарынды вингер қостанайлықтарды жеңген үлкен жеңіске бастама жасап, басымен әдемі гол соқты.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Еркебұланды туған күнімен құттықтайды және де оған мықты денсаулық, спорттық ұзақ өмір және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»