Бүгін «Қайрат» футбол клубының бас бапкерінің көмекшісі Дмитрий Кириченко туған күнін тойлайды.
Кириченко Дмитрий Сергеевич – ресейлік бомбардирлердің «100 клубының» мүшесі, 2002 және 2005 жылдардағы Премьер-лиганың үздік мергені атағының иегері, ел чемпионы және Ресей кубогының иегері. ЦСКА, ФК Мәскеу, Сатурн, Ростов және т.б. клубтарда ойнады. Ресей құрамасы сапында 12 матч өткізіп, 4 гол соққан.
2016 жылы Кириченко Д.С. Ростовтың бас бапкерінің міндетін атқарушы болды. Оның жетекшілігімен клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты, ал Құрбан Бердыев кеңесші жаттықтырушы болды. Одан кейін «Уфа» футбол клубында жаттықтырушы болып жұмыс істеді.
«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Дмитрий Сергеевичті туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, табыс, жұмысында лайықты марапаттар және командамен бірге жарқын жеңістер тілейді!