«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, ДАНИЯР!
Қайрат

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, ДАНИЯР!

18 февраля 2022
/ 06:00
Бүгін алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Данияр Үсенов 21-ші туған күнін тойлатуда.

Данияр футболдағы мансабын Ақтау қаласында «Каспий» футбол клубында бастаған. 2017 жылы «Қайрат» Академиясына ауысты, ал 2018 жылы екінші құрамда ойнады, яғни «Қайрат-М» командасында.
Кейінірек жартылай қорғаушы «Қайрат-Жастар» сапында өнер көрсетті.

2020 жылы 7 наурызда «Таразға» қарсы ойында Премьер-Лига деңгейінде, негізгі құрамда дебюттік ойынын өткізді.
2020 жылы 18 қазанда талдықорғандық «Жетісу» қақпасына Премьер-Лигадағы дебюттік голын соқты, бір айдан соң «Қызыл-Жар» қақпасын дәл көздеп, екінші голын соқты.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы, Даниярды туған күнімен құттықтайды!
Біз саған спорттық мансабың жарқын әрі ұзақ болуын, қажымас қайрат, мықты денсаулық тілейміз.
Командамен бірге үлкен жеңістерге бірге жетуіңе тілектеспіз!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»