«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, дәрігер Пападопулос!
Қайрат

Туған күніңмен, дәрігер Пападопулос!

08 октября 2019
/ 11:00

Өзінің кезекті туған күнін «Қайрат» үшін өте маңызды маман - дене шынықтыру жаттықтырушысы  Христос Пападопулос атап өтуде.

Алексей Шпилевскийдің бапкерлік штабына кіретін дәрігер Христос Пападопулос «Қайрат» ойыншыларының физикалық жағдайына жауап береді. Клубта «Папа» деп атайтын мол жұмыс тәжірибесі бар грек маманы «сары-қаралардың» отбасына өткен жылдың соңында ғана қосылып, команданың құрметі мен сеніміне тез ие болды.

Оның еңбекқорлығы, спортқа деген адалдығы, кең білімі мен әзіл-сықақ сезімі біздің футболшыларымызға осы маусымның әр матчында керемет «физиканы» көрсетуге септігін тигізді.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Христосты туған күнімен құттықтайды! Біз сізге спорттық ұзақ өмір, мықты денсаулық және сүйікті командамызбен бірге үлкен жеңістер тілейміз!

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»