«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңмен, Артур!
Қайрат

Туған күніңмен, Артур!

07 апреля 2020
/ 11:00

Бүгін «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Артур Шушеначев туған күнін атап өтуде

Шушеначев алматылық «Қайрат» командасына 2017 жылы ауысып, «Қайрат А» командасының өтінімінде болды. Аталған ұжымдағы табыстары оған негізгі команда құрамына шақырту алуға көмектесті. Көп ұзамай форвард «Атырауға» қарсы сырт алаңда өткен кездесуде Премьер-Лигадағы дебютін жасады.

Өткен маусымда Артур «Қайрат-Жастардың» негізгі шабуылшысы болып, жанкүйерлерді нәтижелі ойынымен қуантты. Сондай-ақ, ол негізгі команданың ойындарына да қатысып, 2019-чемпионатында өз алаңымызда өткен «Тобылға»  қарсы ойында маңызды гол соқты.

Биылғы маусымда Артур – негізгі  құрамның ойыншысы. Ол барлық үш матчқа қатысып, «Оқжетпес» қақпасына гол соқты.

Біздің үлкен «сары-қаралар» отбасы Артурға мықты денсаулық, әрі қарай да дамуды, сондай-ақ командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»