Бүгін «Қайрат» футбол клубының маркетинг департаментінің директоры Юлия Тимченко туған күнін атап өтуде.
Юлия Анатольевна - сары-қаралардың команда құрылымында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан үлкен кәсіпқой. Оның жетекшілігімен клуб маркетинг және жұртшылықпен байланыс саласында үлкен қадамдар жасады. «Қайрат» қатарынан төрт жыл Қазақстандағы ең көп көрермен келетін клуб болды, елімізде бірінші болып жанкүйерлерді стадион аумағында ойын-сауық бағдарламасымен қуанта бастады және бірінші болып клуб өмірінде волонтерлік қозғалысты ашты.
Сонымен қатар, «Қайрат» қазақстандық клубтардың ішінде бірінші болып өзінің мобильді қосымшасын ашты, онда клубтың ең маңызды жаңалықтарынан хабардар болып, үй матчтарына билеттер мен абонементтер сатып алуға болады.
«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Юлия Анатольевнаны туған күнімен құттықтайды, оған бақыт, отбасылық амандық және клубпен бірге жеңістер тілейді!