Бүгін өзінің 69 жасқа толған туған күнін алматылық «Қайраттың» құрметті ардагері Сейілда Байшаков атап өтуде.
Сеиілда Икрамұлы - Қазақстан футболының аңыз адамы. «Қайраттың» құрметті ардагері отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосып және де ХХ ғасырдағы Қазақстанның үздік футболшысы деп танылды.
«Сары-қаралардың» құрамында Байшаков 1971 жылдан 1981 жылға дейін команданың көшбасшысы және оның капитаны болды. 10 жыл ішінде «Қайраттың» құрамында 296 матч өткізіп, 11 гол соқты. Ойыншының қызметін аяқтағаннан кейін Сеиілда Икрамұлы туған клубында бапкер болып жұмыс істеді.
Ұзақ уақыт бойы Байшаков Қазақстан Футбол Федерациясында еңбек етті, ол жерде балалар мен жасөспірімдер футболының дамуына жауапты болды. Ол сонымен бірге Федерацияның вице-президенті, содан кейін президенті болды.
«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Сеиілда Икрамұлын туған күнімен құттықтайды, оған мықты денсаулық, отбасылық амандық, және де үлкен жеңістер тілейді!