«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Туған күніңізбен, Алексей Николаевич!
Қайрат

Туған күніңізбен, Алексей Николаевич!

17 февраля 2020
/ 12:00

Бүгін өзінің 32-ші туған күнін «Қайрат» ФК-ның бас бапкері Алексей Шпилевский атап өтуде!

«Қайраттың» тәлімгері балалық шағында ата-анасымен Германияға көшіп, футбол ойынының бастамаларын меңгерді. Дарынды ойыншы жасөспірімдер футболында өзін жақсы көрсетіп, соның арқасында үнемі жасөспірімдер құрамасына шақырту алды. Жарақат алуына байланысты Алексей ойыншының мансабын жалғастыра алмай, бапкерлік қызметке баса назар аударды.

Қажырлы еңбегінің арқасында Алексей Шпилевский «А»санатындағы УЕФА жаттықтырушылық лицензиясын алған Германияның ең жас бапкері болды. Қазір «Қайрат»ФК-ның бас командасының тәлімгері «PRO»санатындағы лицензияны алуға жақын.

Алексей Шпилевский командасымен бірге жылдам және әсерлі футболды насихаттайтын жаңартылған «Қайратты» құруда. Біздің бапкер үнемі жаңашылдыққа әуес, бос уақытын білім алуға жұмсайды және де алған білімдерін «сары-қаралардың» ойынына енгізуде.

«Қайрат» футбол клубының үлкен отбасы Алексейді туған күнімен құттықтайды, оған мықты денсаулық, спорттық ұзақ өмір және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»