Бүгін «Қайрат» ФК бас бапкері Алексей Шпилевский өзінің 31-ші туған күнін атап өтіп жатыр!
Өз еңбегінің арқасында Алексей Николаевич Германияда УЕФА-ның «А» категориясындағы бапкерлік лицензиясын алған ең жас маман атанды. Қазір «Қайрат» ФК аға бапкері «PRO» категориясының лицензиясын алуға жақын. Алексей Шпилевский өз штабымен бірге жаңартылған «Қайратты» құрап жатыр. Бұл команда жанкүйерлерді жарқын, әсерлі әрі нәтижелі ойынымен қуантпақ.
«Қайрат» футбол клубының ұжымы Алексейді Туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, спортта ұзақ ғұмыр және командамен бірге үлкен жеңістер тілейді!