«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Тобылмен» тартысқа толы ойында тең түстік
Қайрат

«Тобылмен» тартысқа толы ойында тең түстік

16 апреля 2022
/ 06:00
Футболдан Қазақстан біріншілігінің 2022 жылғы маусымының, 6-тур ойынында, «Қайрат» сырт алаңда қостанайлық «Тобылмен» кездесті.

«Тобыл Аренада» өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

Алматылық клуб сапында шабуылшы Хосе Канте есеп ашты. Екінші гол - Владислав Васильевтің өз қақпасына соққан голы.

«Қайраттың» бастапқы құрамы:
Даниил Устименко, Еркебұлан Сейдахмет, Арсен Буранчиев, Виктор Васин, Дамир Касабулат, Сұлтанбек Астанов, Рикарду Алвеш (К), Андрей Ульшин, Жасурбек Жалолиддинов, Жоао Пауло, Хосе Канте.

Құрбан Бердыев шәкірттерінің келесі кездесуі Алматы қаласында 23 сәуір күні, түркістандық «Тұранға» қарсы өтеді.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»