«Тобылға» қарсы бүгінгі матчта Игорь Чесноковтың бригадасы қызмет етеді. Чесноков төрелік еткен алматылықтардың қатысуымен өткен соңғы матч былтырғы жылы сәуірде болды. Бір қызығы, бұл арбитр сол кезде де қостанайлықтарға қарсы ойында қазылық еткен. Затобольскідегі матч тең есеппен аяқталды – 2:2.
Оған алаң жиегінде павлодарлық Евгений Кольев пен петропавлдық Рустам Бейжанов көмектеседі. Қосымша көмекшілер ретінде талдықорғандық Денис Измайлов пен қызылордалық Данияр Сахи қызмет атқарады. Матчтың қосалқы төрешісі – сараньдық Дмитрий Быстров. Кездесу инспекторы болып павлодарлық Игорь Хисамутдинов тағайындалды.