1978 жылдың 27 сәуірінде Алма-Атаның Орталық стадионы кезекті ортаазиялық дербиді қабылдады. Трибунаға 26 мың жанкүйер жиналды. Бірінші тайм көрермендерге гол сыйламады, бірақ үзілістен кейін қайратшылар үш минут ішінде үш гол соғып, жеңіске жетті. «Сары-қаралар» құрамында Вячеслав Кочубинский, Сергей Гороховодацкий және Николай Лексин көзге түсті.
«Қайрат» (Алма-Ата) – «Пахтакор» (Ташкент) 3:2 (0:0)
Голдар: Федоров (53), Кочубинский (55), Гороховодацкий (57), Лектин (58), Чуркин (75).
«Қайрат»: Ордабаев, Кочубинский, Талгаев, Никитенко, Кисляков, Хисамутдинов, Гороховодацкий, Гостенин, Мазманян (Евдокимов, 68), Алтухов, Лексин (Әбенов, 78).
«Пахтакор»: Чечетин, Серостанов (Курнев, 70), Ағышев, Могильный, Загуменный, Корченов, Чуркин, Ан, Макаров, Федоров, Баканов.
⠀⠀