«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары: Біздің қарсыластар
Қайрат

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары: Біздің қарсыластар

03 февраля 2022
/ 06:00
«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі «сары-қаралардың» Анталиядағы оқу-жаттығу жиындарында кездесетін қарсыластарының тізімін ұсынады.

Түркия жағалауындағы оқу-жаттығу жиыны 5 ақпаннан 26 ақпанға дейін жалғасатын болады.
Алматылық клуб оқу-жаттығу жиындары кезінде жалпы саны 6 бақылау матчын өткізеді.

Қазіргі таңда алматылықтар Түркияда бақылау матчтарын өткізетін бес қарсылас белгілі болып тұр.
9 ақпан күні болатын кездесуде «Қайраттың» бірінші қарсыласы: Босния және Герцеговиналық «Борац» футбол клубы болады, 
12 ақпан күні өзбекстандық «Навбахор» Наманган қаласының футбол клубымен күш сынасады, 
15 ақпан күні «сары-қаралар» Украинаның Киев қаласынан «Динамо» кәсіпқой футбол клубымен кездеседі, 
18 ақпанда ресейлік «Сочи» футбол клубымен ойнайды,
22 ақпан күні латвиялық «Рига» футбол клубымен кездеседі.

25 ақпанға тағы бір бақылау матчы жоспарланған.
Қарсылас жайлы ақпарат алдағы уақытта белгілі болады.
Ресми парақшамызда міндетті түрде жариялайтын боламыз.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»