2 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы Қазақстан Республикасының Суперкубогі үшін ойын өтті.
Бұл кездесуде Алматылық «Қайрат» кубок иегері, ал Қостанайлық «Тобыл» былтырғы маусымның чемпионы ретінде ойнады.
Кездесу қарсыластың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
Серікжан Мужиков және Айбар Жақсылықовтың голына, Құрбан Бердыев шәкірттерінің арасынан Жоао Пауло 39-шы минутта тамаша соққымен жауап қайтарды.
«Қайраттың» бастапқы құрамы:
Данил Устименко, Виктор Васин, Маки Баньяк, Арсен Буранчиев, Сергей Кейлер, Еркебұлан Сейдахмет, Яцек Гуральский, Рикарду Алвеш, Жоао Пауло, Данияр Үсенов, Хосе Канте.
«Қайрат» футбол клубының келесі ойыны, 6 наурыз күні болады.
Өз алаңымызда, Орталық стадионда Қазақстан Премьер Лигасының 1-ші туры аясында «Ақтөбеге» қарсы ойнаймыз.