«Қайраттың» қорғаушысы Сергей Политевич «Таразға» қарсы матч туралы айтып және де «сары-қаралар» ұжымының командалық жұмысына баға берді.
- Сергей, жеңіспен құттықтаймын! Матчқа қандай баға берер едің?
- Рахмет! Мен үшін ең бастысы - біздің жеңіске жеткеніміз. Гол жібермей жеңіске жету қорғаушы мен қақпашы үшін екі есе қуанышты.Біз қорғаныста өте жақсы ойнадық деп ойлаймын. Алдағы ойыншылар бірнеше гол соғатын сәттер жасады. Ия, біз көп гол соққан жоқпыз, бірақ біз мақсатымызға жететінімізді түсіндік. Бүгін барлық команда қысым көрсетті, барлығы қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнады. Бұл нағыз командалық жұмыс болды.
- Айтыңызшы, «Тараздық» ойыншылардың қайсысы көбірек қиындық тудырды?
- Мүмкін, Серж Ньюаджи. Ерекше көзге түсетін шабуылшы. Көбіне оның жылдамдығына сеніп, оны жалғыз алдыға шабуылдауға жібереді. Бірақ біз оған тойтарыс бердік.
- Жетпісінші минуттан кейін «Тараздықтар» шаршай бастағандай көрінді.
- Мүмкін, алаңда ойнау қиын және де шөбі биік болды. Мен оларды тіпті «тұрып қалды» деп айтпас едім. Біз аздап қостық. Бізге жеңіс керек еді. Біз чемпиондық титул үшін күресіп жатырмыз, сондықтан да қателіктерге жол бермеуіміз керек. Бәсекелестердің нәтижелеріне қарамай, барлық ойындарда жеңіске жетуіміз керек. «Таразда» басқа тапсырма.
- Маусымда төртінші қағаз алғаныңа реніш болды ма?
- Шынымды айтсам, иә. Келесі ойынды өткізу өкінішті. Ойынның тонусында қалғым келеді. Енді ғана қалыпқа келген кезде, келесі ойынды жіберуге тура келеді. Сары қағаздар үшін ойнамайтындығым өкінішті. Сол кездегі сары қағаз үшін төрешіге еш мінім жоқ. Ол жерде соқтығыс болды. Ол менің жамбасыма тиіп, қазірге дейін ауырсынады. Мен оған тиіп кеттім. Егер де ол басқа жаққа ысқырғанда оны ещкім сөкпейтін еді.