«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Сергей Кейлердің голы 2022 жылғы маусымдағы ең үздік деп танылды
Қайрат

Сергей Кейлердің голы 2022 жылғы маусымдағы ең үздік деп танылды

25 ноября 2022
/ 06:00

Дауыс беру ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ҚКФЛ ресми парақшасында өтті. Тек қазақстандық футбол жанкүйерлерінің дауысы есепке алынды.

Таңдауға осы маусымдағы чемпионат пен кубок матчтарында соғылған 8 гол ұсынылды. Ұсынылған әрбір голды жанкүйерлер ағымдағы жылдың наурыз-қазан айлары аралығындағы айдың ең үздік голы деп таныған болатын, сонымен қатар Лига әкімшілігі Қазақстан кубогының финалында соғылған голды сауалнамаға қосты.

Үміткерлер қатарында «Қайраттықтардың» екі ойыншысының голдары болды – Қазақстан Кубогының 1/4 финалында соғылған Сергей Кейлердің «Ақжайық» қақпасына айып добынан голы және Гүлжігіт Алықұловтың Қазақстан чемпионатының 25-туры аясындағы «Ақсу» командасына соққан голы.

Сауалнама қорытындысы бойынша 2022 жылғы маусымның ең үздік голы «Қайраттың» қорғаушысы әрі капитаны Сергей Кейлердің соққысы деп танылды. Оған 323 қазақстандық жанкүйер дауыс берді (34,1%).

«Қайрат» футбол клубы Сергейді жеңіспен құттықтайды!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»