«Қайрат» ФК капитаны Қазақстан Кубогы 2022 топтық кезеңінің қорытынды туры аясында өткен «Атырауға» (3:0) қарсы матчы туралы пікірін айтты.
- Бұл жеңіс екі себеп бойынша маңызды болды. Біріншіден, турнирдегі жағдайға қарамастан өз алаңымызда қалай да жеңуіміз керек еді. Екіншіден, «Атырауға» чемпионатта өз алаңымызда ұтылған едік, содан кеткен есені жанкүйерлеріміздің алдында қайтарғымыз келді.
Ойынға келер болсақ, қарсыласты бағаламау деген болмады. «Атырауға» қарсы байыппен дайындалып, олардың мықты және әлсіз тұсын зерттедік.
Гол соққан сәтте тез шешім қабылдап үлгердім. Доптың қайта ұшатынын түсініп, керек жерде болып, допты құдайдың көмегімен қақпа торына дөп түсірдім!