«Тараз» – «Қайрат» 0:1
Гол: Бауыржан Исламхан (84', айып алаңынан).
«Тараз»: Мухаммеджан Сейсен (В) – Рахимжан Розыбакиев, Игорь Пикалкин, Берик Айтбаев, Александр Симчевич, Максат Амирханов (К) – Неманья Суботич, Жиан Мартинс – Алишер Сулей, Жакып Кожамберды, Серж Ньюадзи.
Қосалқы құрам: Тимурбек Закиров (В) – Бекзат Шадманов, Мадияр Нуралы – Динмухамед Караман, Абзал Таубай, Шейхислам Кулахметов – Абылайхан Жумабек.
«Қайрат»: Стас Покатилов (В) – Дино Миканович, Сергей Политевич, Раде Дугалич, Ғафуржан СүйҚмбаев – Исламбек Қуат, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Еркебұлан Сейдахмет – Адеринсола Эсеола.
Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В) – Сергей Кейлер, Нуралы Әліп – Рамазан Оразов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Конрад Вржещиньский, Сұлтанбек Астанов – Мартон Эппель.
«Таразға» қарсы жекпе-жек алғашқы ысқырықтан бастап алматылықтардың Мұхаммеджан Сейсеннің қоршауын шабуылдаудан басталды. Бірінші болып жергілікті көрерменді Бауыржан Исламхан қақпаға орта қашықтықтан соққы бағыттап алаңдатты. Оның соққысынан доп қақпаның үстінен бірнеше сантиметрге ұшып өтті. Алты минуттан кейін алматылық команда қатарынан екі бұрыштама орындады. Екінші стандарт Еркебұлан Сейдахметтің «екінші қабаттан» орындалған қауіпті соққысымен аяқталды. Сейсен қауіпті соққыны қайтарды. Сейдахмет өзінің бұрынғы клубына қарсы ойында ерекшеленгісі келді. Келесі шабуылда ол «Тараздың» қақпашысымен бірге-бір шығып, офсайдта қалды. Осы эпизодта Бауыржан Исламхан көмекшілік етті. Исламханның әр бір сәтті әрекеті «Орталық» стадионның қол шапалақтауымен қарсы алынды. Таймның ортасында Адеринсола Эсеола, сол жақ қапталдан жоғарыдан берілген пасты баспен қақпаға бағыттады. Уақытында қойылған қорғаушының басы қожайындарды құтқарып қалды. Таймның аяқталуына төрт минут қалған кезде Эсеола Дино Микановичтің берген пасын дәл бұрышқа тепкендей болды. Бірақ доп түсініксіз жағдайда қақпаға кірмеді. Төреші Булат Сариевтің ысқырығы командаларды 0:0 есебімен үзіліске жіберді.
Алматылықтар өздерінің қарқынын екінші таймда да бәсеңдетпеді. Матчтың басталғанына 10 минут болған кезде Раде Дугаличта керемет гол соғатын сәт болды. Қорғаушы допты дәл қақпаға бағыттап, бірақ қарсыластың қорғаушысы допты қақпаның сызығынан асырып жіберді. Мартон Эппельдің шығуымен алматылықтарда шабуылды дамытатын көп жағдайлар болды. 68-минутта «сары-қаралардың» қорғанысы кезінде бұрыштама тапты. Жалаушадан берілген допты Дугалич баспен керемет соқты. Сейсен ғажайып реакция көрсетіп, керемет допты қайтарды. Матчтың аяқталуына жиырма минут қалған кезде Еркебұлан Тұңғышбаевты алаңға шығарды. Ол ойынға керемет кіріп, ойынның ең маңызды эпизодына қатысты.Оған дейін Исламхан өзінің шеберлігімен жарқ етіп, айып алаңынан күшті доп соқты. Сейсен бұл допты да ұстап қалды. Дегенмен, біздің капитан қожайындардың қақпашысын бағындырды. Ерекше белсенді Тұңғышбаев Эсеолаға доп бағыттаған кезде, Эсеоланы айып алаңында құлатады. Одан кейін төреші он бір метр айып добын тағайындады. Соққыны нүктеден Исламхан сенімді орындады. Матчтың соңына дейін «сары-қаралар» есепті ұлғайта алды. Ғафуржан Сүйімбаев Исламханның берген добынан кейін мықты бұрыштамаға доп соқты, бірақ оның соққысын қорғаушы «жапты».
Төреші Булат Сариевтің финалдық ысқырығы кезекті «Қайраттың» жеңісін белгіледі.