Қайраттықтар Тараздың "Орталық " стадионында дайындық кезеңін жаттығумен аяқтады.
Матчқа келген барлық ойыншылар газонды сынақтан өткізіп, бейімделді. Бейімделу кезеңінен кейін «сары-қаралар» екі командаға бөлініп, шабуылдың жылдамдығын дамытуға және допты берудегі дәлдікті дамытуға арналған жаттығулар жасады. Мұндай жаттығулар қатысушы ойыншылардың үнемі ауысуымен өтті. Жаттығулар алыс және орта қашықтықтағы соққыларды пысықтаумен аяқталды.
«Қайрат» ФК-ның бас бапкері Алексей Шпилевский:
«Алаңға үйреніп, доптың көгалда қалай жүретінін сезініп, бейімделу керек болды. Біз «Таразға» жеңіс үшін келдік. Мен алдында айтқандай, бізде алдыда әлі 12 финал. Оның әр қайсысында біз жеңуіміз қажет. Ертең оңай емес матч болатыны, түсінікті. Біздің қарсыласымыз өткен матчта чемпионат көшбасшыларының бірі, "Ордабасы" командасынан басым түсті. "Тараз" өз алаңында өзін сенімді сезінеді. Олар бізге барынша қиындық туғызуға тырысады. Оның ішінде әр қилы ойынымен. Біз бұған қарсы ұжымдық агрессивті ойынды қарсы қоюымыз керек. Сонда ғана біз оң нәтижеге қол жеткізе аламыз".