Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен айдың үздік ойыншысы мен бапкерін жариялады. Олар Алексей Шпилевский және Бауыржан Исламхан.
Дауыс беруге еліміздің Чемпионатына қатысушы клубтардың барлық бас бапкерлері
қатысты. Үздік ойыншыны анықтағанда әр тәлімгер үш футболистті белгіледі.
Футболисттің орналасқанына қарай оларға ұпайлар берілді: 3 ұпай - бірінші
орынға, 2 ұпай - екінші орынға, 1 ұпай - үшінші орынға. Нәтижесінде, шілденің
үздік ойыншысы, алдыңғы айдада үздік деп танылған «Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы
Бауыржан Исламхан. Алматылық клубтың капитаны барлық ұпайларды қосқанда 17 ұпай
жинады (4 бірінші орын, 2 екінші орын, 1 үшінші орын).
Үздік бапкерді анықтау үшін, мамандар бір бапкерді ғана
белгіледі. Дауыс
беру нәтижесінде шілде айының үздік бапкері «Қайраттың» тәлімгері
Алексей Шпилевский.
Алматылық тәлімгер үшін Дмитрий Огай («Жетісу»), Александр Седнев («Ақтөбе»), Николай Костов («Шахтер») және Милан Миланович («Ертіс») дауыс берді.