«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Сары-қаралар» «Шахтерге» қарсы матчқа дайындықты аяқтады
Қайрат

«Сары-қаралар» «Шахтерге» қарсы матчқа дайындықты аяқтады

14 марта 2020
/ 11:00

Алексей Шпилевскийдің шәкірттері «Тобыл аренада» бірінші сырт алаңдағы матчқа дайындық кезеңін аяқтады.

Қостанайда өтетін «Шахтерге» қарсы матчқа келген қайраттықтар активация өткізіп, ертең ел чемпионатының екінші турының ойыны өтетін жабынды сынап көрді.

Активациялық сессиядан кейін, «сары-қаралар» топтарға бөлініп, шешім қабылдау жылдамдығын, доп беру жылдамдығын жақсартуға бағытталған жаттығулар кешенін өткізді. Сет қатысушы ойыншылардың үнемі ауысуымен өтті. Жаттығу қақпаға соққы бағыттаумен, стандарттарды ойнатумен аяқталды.

 «Қайрат» ФК-ның бас бапкері,Алексей Шпилевский:

- Бізде ертеңгі матчқа дайындалуға көп уақыт болған жоқ. Алайда, біз мұндай тығыз қалыпқа дайынбыз. Керісінше, біз қысқа мерзімде бірнеше ойын ойнап, көп ұпай жинауға қуана тырысамыз. Біз барлық футболшылардың жақсы дайындықта екенін көріп отырмыз. Біз әр ойыншының жасаған жұмысы бойынша деректерді үнемі зерттейміз. Біз олардың жұмысына ризамыз. Сәрсенбі күні өткен матчта біз алға қадам жасадық. Ертең біз бірінші рет сырт алаңда өтетін матчта жеңіске жете аламыз деп үміттенемін. Бірінші турда жеңіліс тапқан командаға қарсы ойнайтын болғандықтан, ойынның қиын болатыны түсінікті. Олар қалыпқа келу үшінбарын салатын болады, сондықтанбізге айқас көрсететін болады. Босаңсуға болмайды, себебі бізге қарсы жақсы қарсылас ойнайды. Біз сәрсенбі күні көп эмоция жұмсадық,бірақ ол матч артта қалды. Бізге келесі ойынға шоғырлану керек. Әр ойында жеңіске жетуді мақсат ету қажет.

- Жеке бағдарлама бойынша жаттығатын Еркебұлан Сейдахмет, сондай-ақ жаттығуда аздаған жарақат алған Данияр Үсенов матчтың өтінімінен тыс қалды. Құрамның ротациясына келетін болсақ, өткен жылы осы стадионда Сұлтанбек Астанов өзін жақсы көрсете білді, Дерин Эсеола дубль жасады. Біз бұл факторды ескереміз,сондықтанекеуі де ойын уақытын алуға және өздерін көрсетуге мүмкіндік алатын шығар.


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»