«Ертіс»: Андрей Пасеченко (В) – Руслан Есимов, Милош Стаменкович, Патрик Хиди, Дмитрий Шмидт – Султан Сагнаев, Марко Станоевич, Руслан Мингазов, Жереми Манзорро, Карлос Фонсека (К) – Тимур Мульдинов.
Қосалқы құрам: Илья Сотник (В), Александр Заруцкий (В) – Сагадат Турсынбай, Урош Витас – Артем Попов, Арман Кенесов – Деян Георгиевич, Арман Нусип.
«Қайрат»: Стас Покатилов (В) – Еркебұлан Туңғышбаев, Сергей Политевич (К), Нұралы Әліп, Сергей Кейлер – Рамазан Оразов, Небойша Косович,Георгий Жуков, Конрад Вржещиньский, Султанбек Астанов – Мартон Эппель.
Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В) – Дино Миканович, Раде Дугалич – Исламбек Қуат, Айбол Абикен, Еркебұлан Сейдахмет, Бауыржан Исламхан – Адеринсола Эсеола.
Павлодарда алматылықтардың тәлімгері қайтадан ойыншыларды ауыстырды. Соңғы кездері аз ойнап жүрген футболисттер мүмкіндік алды. Қорғауда алғашқы минуттардан бастап Еркебұлан Тұңғышбаев,Сергей Политевич, Нұралы Әліп және Сергей Кейлер болды. Шабуылдардың дамуына Конрад Вржещиньский, Георгий Жуков, Султанбек Астанов және Мартон Эппель жауап берді. «Сары-қаралар» алғашқы он минутта алға шықпай, қожайындардың ойнына байланысты қимылдады. Қожайындар стандарттармен әрекет етіп, бұған алматылықтардың қорғаушылары қиналмай төтеп бере алды. Жиырмасыншы минутта біздікілер керемет шабуыл жасап, аяғы голға әкеліп соқты. Жуков оң қапталдан допты беріп, осыны пайдаланған Астанов допты қақпаға бағыттап есеп - 0:1. Султанбек «Қайрат» құрамында Қазақстан чемпионатындағы дебютты голын атап өтті!Алматылықтар осы жетістіктің лебімен екінші голды соғуға жүгірді. Бірақ бес минут өткеннен кейін олар кемшілікте қалды. Сары қағазы бар Небойша Косович күтпеген жерден екінші сары қағаз алады. Жартылай қорғаушы қақпаға гол соққысы келгенде, Карлос Фонсекенің аяғына тиіп кетеді. Төреші ысқырып, бірінші қағазды «Ертістің» капитанына, кейін Косовичке көрсетіп, «Орталық» стадионда отырғандардың барлығын осы шешімімен таң қалдырды. Таймның соңына дейін ойындағы орналасуды жылдам өзгерткен қайраттықтар, есепті ұлғайтуға мүмкіндігі болды. Султанбек Астанов және Сергей Кейлер жылдам шабуыл ұйымдастырып, соңғысы шабуылды бұршқа бағыттап аяқтады. Өкінішке орай, қорғаушы допты бұрыштамаға қайтарды.
Үзілісте Алексей Шпилевский Мартон Эппельді Адеринсола Эсеолаға, Султанбек Астановты Айбол Абикенге ауыстырды. Екінші таймның екінші минутында, Вржещиньский есепті 0:2 өзгерту керек еді.Тұңғышбаев жылдамдықта қарсыласты жеңіп, Конрадқа соққы бағыттады. Өкінішке орай, хавбектің соққысын Андрей Пасеченко қайтара алды.
Үзілістен кейін допқа иелік еткен қожайындар есепті теңестіргісі келді, бірақ Стас Покатилов басында тұрған «Қайраттың» қорғанысы барлық шабуылдарға төтеп бере алды.
Екінші таймның ортасында Айбол Абикен өзінің мүмкіндігін жібермей, Павлодарлық «Орталық» алаңда гол соқты. Жартылай қорғаушы бұрыштамадағы жалаушадан келген допты жермен соғып, кейін баспен допты қақпаға қайта бағыттады! Алматылықтардың екінші голы қожайындарды моральдық тұрғыдан сындырды. Матчтың соңына дейін қожайындар автоматты түрде шабуылдады десек те болады. Финалды ысқырық «Қайраттың» жеңісін белгіледі.