«Қайраттың» баспасөз-қызметі 2018 жылғы маусымды қорытындылауын жалғасытырып жатыр.
Бірінші лига чемпионатының қорытындысы бойынша, «Қайрат А» командасының үздік сұрмергені болып Самат Сәрсенов танылды. Ол 24 матчта 10 гол мен 4 нәтижелі пастың авторы атанды.
Нәтижелік жағынан екінші орынды Максим Котов еншіледі, ол 9 рет қанжығасын майлап, 2 нәтижелі пас берген. Ал үшінші орынды Мартин Малондо алды – 6 гол мен 5 нәтижелі пас.