«Қайраттың» қорғаушысы Сұлтанбек Астанов клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Ақжайықпен» (0:0) болған матчқа түсініктеме берді, сондай-ақ жарақаттан кейін алаңға оралу туралы айтты.
- Бізді қиын ойын күтіп тұрғанын және қарсыластың өте мықты екенін білдік. Біз бұған дайын едік. Жеңісті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмағаны өкінішті. Бізге әлі де аянбай еңбек ету керек.
- Сіз Жарақаттан айығып, осы маусымда алғаш рет ресми матчта ойнадыңыз. Өзіңізді қалай сезінесіз? Қалыпты формаңызға келдіңіз бе?
Мен өзімді жақсы сезінемін және ресми матчта бірден алаңға оралғаныма өте қуаныштымын. Біздің медицина қызметкерлері мені қысқа мерзімде қызметке қайтарды, бұл үшін оларға алғысым шексіз. Ендігі кезекте қалыпты формаға келу.