23 жасар қорғаушы Сұлтанбек Астанов алматылық «Қайраттан» кетті.
Астанов «Қайрат» академиясына 2016 жылы түскен болатын. Келесі жылы ол Екінші лигада дебют жасап, 2018 жылы Бірінші лигада «Қайрат А» сапында ойнады, ал 2019 жылы негізгі құрамның ойыншысы атанды.
Сұлтанбек Астанов «сары-қаралар» сапында барлық турнирді санағанда 62 кездесу өткізіп, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
«Қайрат» футбол клубы Сұлтанбекке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оған мансабында табысқа жетуіне шын жүректен ниет білдіреді!